ҚЫЗҒАЛДАҚ КӨКТЕМ

 
Суретші екен бұл көктем,
Қойыпты көкті өрнектеп.
Қарсы алды оны құрметпен
Күн шуақтап, жер көктеп.
Құлпырды қырда желкілдеп,
Көктемнің гүлі өрімдей.
Шалқиды желі еркіндеп,
Келешек күннің лебіндей.
Советтік біздің осы елдің
Қуатты жастық шағындай.
Қызғалдақ көктем, қош келдің,
Жарқырап жүзің жалындай
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *