ТАУ ӨЗЕНДЕРІ

 
Тастан тасқа секіріп,
Ақ жалын болып атылған.
Айқай-шумен өкіріп,
Толқынды қағып сапырған.
Ой салып сырын ұққанға,
Табиғат жырын тыңдатқан.
Бұрқанған долы бұлттарға
Ысқырып жел боп тіл қатқан.
Ашуланып ақса да,
Қаһарлы таудан бас алып.
Жеткенде ойға – бақшаға,
Желкілдер гүл боп жасарып
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *