СЕНІ КӨРГІМ КЕЛЕДІ

Сені көргім келеді –
Сені көргім,
Сенің ғана келеді соңыңа ергім
Бір көруге зар болып,
Кім біледі –
Әлі талай жылармын, еңірермін.
Сені көргім келеді –
Тағат қалмай,
Сағындырған, сарсылтқан сағаттардай.
Сенен мені қызғанып,
Көрмей қалсам –
Жүрегіме әлдекім оқ атқандай.
Сені көргім келеді –
Себебі не?!
Құмар болған торғайдай көк егінге,
Періп кетсем қарамай отқа-суға
Періште боп сен ылғи жебедің бе?!
Сені көргім келеді – тағы, тағы!
Ақ тілегін ақ көңіл ағытады.
Әлдебіреу қосуға құштар болып,
Әлдебіреу сыртымнан қағытады.
Сені көргім келеді –
Іздеп келіп,
Құзар шыңдар тұрса да мұз бөктеріп,
Қолың,
Көзің,
Аршын төс,
Ақ балтырың,
Көз алдымнан өтеді тізбектеліп.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *