СЕЙІТҚҰЛДЫҢ КЕТПЕНІ

Маңдай соры – үш батпан,
Тағдыр мықтап ұстатқан.
Қыс алғанда қыспаққа,
Аштық тартты пұшпақтан.
От өзегі өртеніп,
Кетті елден еркелік.
Бір күрмеуге келмеді,
Бір-ақ тұтам келте жіп.
Көзден ұшып ақ тары,
Жанға қатты батқаны.
Қалың халық қыр төсін
Қара құрттай қаптады.
Ішті жайлап кек тегі,
Ілжалда қып, ептеді –
…Қалды аштықтан айырып
Сейітқұлдың кетпені.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *