Ойлашы тау биік пе, жан биік пе,
Деп едің көз жетпестей әр биікке.
Тау дейтін сол тауыңды тауып берші,
Тап қазір бірге болып Магнитте.
Мен тұрмын мұнараның төбесінде,
Тау бізден төмен қалды сенесің бе.
Күші, түсі – бәрі де өзгеріпті,
Болаты тұр адамның денесінде.
Сырбай Мәуленов