ЖОҒАЛҒАН ЖҮЗІК

Өндір жігіт
Өртенбей от ерінге,
Қимастықпен туған жер – мекенінде,
Мойнындағы міндетін ақтау үшін
Бейбіт күн күзетіне кетерінде
Сүйгеніне сый қылып жүзік берген,
Жанарынан бір тамшы үзіп берген:
– Көзім болар,
Немесе өзім болар
Сенен басқа құрысын қызық көрген.
Артық кетсең кей сәтте іркілерсің,
Бірге тұрып мұнымен,
Бір түнерсің.
Жүрегіңнің екі жыл ашпа есігін,
Сол жүректің сендегі кілті дерсің.
Жігіт кетті әскерге еркіменен,
Самал бар ма көңілді желпімеген.
Қорған болып тұрды ол туған жерге
Сүйгеніне қалдырған сертіменен.
Сүйгенінің сөзі – жыр,
Көңілі – ақын,
Қос тағдырдың тоғысар жолы жақын.
Сыңғыр қағып алқа төс,
Алтын сырға,
Сұлу келіп өзенге шомылатын.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *