ЕСТІСІН ЕСІЛ ДАУСЫҢДЫ

Сонау жыл…
Есіл бойында.
Сіңіріп сәуле санаға
Сырласып жастық жайында,
Отырдық сонда, жан аға.
Дала бір нұрға малынып,
Қиянды қиял кезеді.
Сыйдан да сәл-пәл жалығып,
Серуен құрған кез еді.
Айнала құрмет, қошемет,
Жүректе достық, жақындық.
Шарапты жиі еселеп,
Сөзді де судай сапырдық.
Көңілмен бәрін қабылдап,
Құшаққа сыймай гүл қалмай.
Осынау әсем табиғат,
Тіл қатып бізге тұрғандай.
Күркіреп өлең өзені,
Төгіліп жатты табанда.
Бір кезде әннің кезегі
Келіп те қалды маған да.
Ағаға ізет – иілсем,
Қымсына қарап қалғанда.
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *