Достары қандай ыстық балалықтың,
Мен оны көп жылдан соң жаңада ұқтым.
Жарысу жалаң аяқ қызық еді,
Астында сіркіреген қара бұлттың.
Сылдыр су, бұлыңғыр бу таң алдында
Іздедім балалығым, таба алдым ба?
Дауылдай албырт күнім, аңғырт күнім,
Қалыпсың достарымның хабарында.
Күндіз-түн ән салған кез дүрілдетіп,
Басымнан кетіпті ғой бір күнде өтіп.
Барамыз дос үйіне, келіншегі
Қарар ма келесің деп кімді ертіп.
Шытпай-ақ келіншекке қабағымды,
Берермін кідірместен жауабымды:
– Келемін досымменен көрейін, – деп
Кішкентай суретімді бала күнгі.
Сырбай Мәуленов