ӘСЕР

– Хош келдің, аттан түс, балам! –
Сұрасып аман-саулықты
Қариялар таяқ ұстаған,
Әжелер аппақ жаулықты.
Сөз емес шенің, атағың,
Алдыңа тосып дәм-тұзын.
Әкетіп бара жатады
Әкеден қалған жалғызын.
Домбыра үні ырғақты,
Жұмахан отыр тербетіп.
Жақаң шал шықты бір жақтан,
Көзінің жасын көлдетіп.
– Келмейсің, – дейді, – кешігіп,
Осынау біздің мекенге.
Сөйлесе алмай шешіліп,
Бір күні өліп кетем бе?!
Мақтаса бәрі сыртымнан,
Осыған көңіл толмай ма?!
…Аймалап тұрған жұртымнан
Айналып кетсем болмай ма?!
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *