Қараөзек шақ…
сырласайық тағы бір,
Самайымда қыстың қалған ағыжүр.
Маңайымда жіңішкеріп жуанның,
Жіңішкенің үзілетін шағы бұл.
Кім-кімнің де арқалаған жүгі бар,
Өзің жайлы сыр айтамын, ұғып ал.
Соңғы нұрын сай-салаға сейілтіп,
Күн де сонау көкжиеккежығылар.
Тірлік мынау, адам да аман, мал да аман,
Бала күліп, жадырайды шал маған.
Дәнекерсің дала төсін идіріп,
Қыс пен көктем аралығын жалғаған.
Бұлақтарды арнасында бұлқынтып,
Құрақтарды жар басындасілкінтіп.
Қара жаңбыр құйып өткен кездебір
Көктер басын шыға келер қылтитып.
Көрдім сені бүршік жарған ағаштан,
Көрдім сені гүлден бүрін жаңа ашқан.
Қараөзек шақ көздің қарашығындай,
Қазбауыр бұлт, жасыл жаға,ақаспан.
Көгалдан ұшты қоңыр қаз,
Көкорай шақты төске алып.
Сыбаға алда – өмір жаз,
Өкінтер ме екен кеш қалып?!
Тақ қылып кеткен жұптарды,
Бағынтар дейсің қай ырық?!
Барады қара бұлттарды
Қанатыменен қайырып.
Құла түз жатыр ойланбай,
Шалғынды батпақ жолай сыз.
Жерұйық мекен жай болмай,
Қонатын жер де қолайсыз.
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ