Тепкенде темір үзер қара күші,
Аспанның жалғыз меңі – ана құсы.
Құтты бір қонысына ұсай ма әлгі,
Құзарды аспан зәулім үш айналды.
Аспаннан сол құзардың қарап маңын,
Барлады жайып жүріп қанаттарын.
Әне бір аңшы үйін бе қабақтағы,
Білмеймін, қай көршісін жаратпады?
Құзарға тырнақ басу –сол арманы,
Қанша рет оқталғанмен қона алмады.
Жайып ап бақытым да қанаттарын,
Басымның барлап жүр-ау қарап бәрін.
Жұматай Жақыпбаев