СЕРІКТЕР

Мен тұрсам сонда алқынып сөзді айта алмай,
Ол тұрса сонда емендей қара шайқалмай…
…Сонан соң барып топырағына қайтадан
Жоғалып кетсе байқалмай!..
Ақ боз үйді тіктіріп ақын жатыр,
Аяғынан тік тұрып жақын мақұл.
Алшысынан талайды алшаңдатқан,
Жиырмасыншы жас ғасыр, жасыл ғасыр.
Жұмақ мекен, жайлы өмір, ұшпақ далам,
Қызыл-жасыл алдымда түс қаптаған.
Кетті ақынның көңілі құла түзге
Шу асаудай жайлауда ұстатпаған.
Ақ боз үйдің зерлетіп арқа-басын,
Жиылған жұрт кештете тарқағасын,
Жалғыз өзі жаңғыртып жер-жаһанды,
Домбырасын қосыла тартады ақын.
 
 
 
 
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *