ОТЫЗ БІРІНШІ КӨКТЕМ

Жылымық сәттің бейнесін қарашығыма қамайын,
Соңғы қар болып қалықтап,
тамшы боп әлде тамайын.
Қанатымен жылдардың тағы келді бір көктем
Бусандырып әлемді, жібітіп жердің самайын.
Алғашқы күні наурыздың, үміт пен арман бүрлейді.
Ақшулан аспан есінеп, жып-жылы желін үрлейді.
Қолымды созсам ғарышқа қиялыма алданып,
«Бақыт деген көкте емес, жер бетінде жүр» дейді.
Ұмытылып азабым, тарқаса ғой өкпе-мұң,
Еріп кетсе қар болып өкінішті өткенім.
Не күтеді алдымда, ештеңе де білмеймін,
Қандай тағдыр сыйлайсың, отыз бірінші көктемім?
 
 
 

Құралай ОМАР

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *