Отырғанда мен орманда оңаша,
Нева жақтан жел еседі тамаша.
Жұмсақ леппен маңдайымнан сипайды,
Жас жанымды аялаған анаша.
Ол айтады: – Аярым жоқ сенен, – деп,
Жер айтады: – Саған жәрдем берем, – деп.
Күн күркіреп, найзағайы ойнайды:
– Сеніменен бірге жауды жеңем, – деп.
Отырғанда мен орманда оңаша,
Нева жақтан жел еседі тамаша.
Сол бір желдің жұпар лебін жұтамын,
Мәз болам да бейне сәби балаша
Сырбай Мәуленов