Көңіл алдап

Көңіл алдап,
Көз бояп,
Опа жағып безендік.
Сыртымыздан оқ атып,
Семсер ұстап кезендік.
Бірі – апат,
Бірі – жұт.
Бірте-бірте құрыдық,
Кезең,
Кезең,
Кезең ғып!..
Мұңымызды түсініп,
Сырымызды сезерлік
Жағдай болмай,
Жай болмай –
Бетімізбен безердік,
Ернімізбен кезердік.
Жүрегіміз қан жылап,
Жер қалмады төзерлік.
…Осындай жалған дүниеде
Өмір сүрудің өзі – Ерлік!
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *