Жүретұғын кезінде жиі өңінен өпкізіп,
Көрсетсем деп қиялдап киеліме тек қызық,
Көк тұманда көп жүрдім, көк тайғақтың суығын,
Сіңірімнен өткізіп, сүйегіме жеткізіп.
Жаяу жүріп, аязбен жағаласып тоңдым мен,
Аяулымның қыр-сырын араласып көрдім мен.
Одан артық құдайдан не тілеймін, жаутаңкөз,
Жүрегі бар, есі жоқ бала ғашық болдым мен!
Аптыққанмын дірілдеп, асыққанмын барғанша,
Өзімді-өзім құм етіп, жасытқанмын хандарша.
Үш қыс, төрт жаз тентіреп, ұйықтамадым, күлмедім,
…Шашы үшін де шайқасам қасық қаным қалғанша.
Аямай-ақ басқан-ды аптығымды түрлі сәт,
Күндізгі аймен жүреді ол, ақтығы бір нұрға ұсап.
Қалай қиям өзгеге, өзіме-өзім қимаған,
Өзегімдей қалқамды – шаттығымды бір құшақ?!
Жұматай Жақыпбаев