Бірімізді біріміз көреміз де

Бірімізді біріміз көреміз де,
Жолыққандай Жерде жоқ төремізге,
Жымиямыз…
Жымимай…мынау өмір,
күл түсіндей күлгін деп өлеміз бе?!
Мән бермеймін жеміссіз қуға, мұңға,
Шу да, мұң да санамнан булануда.
Мына өмірге қаңтарда бір келіп ем,
Қарашада қайтадан туғаным ба?
Қар жауып тұр. Көр, күнім, далаға шық,
Көк түтінмен аспанда араласып.
Ақтығыңа жете алмай жатыр әні,
Алматының ақ қарын қара басып.
Қаймана елдің қайтемін қара сөзін,
Әлдилейді әндей бір дана сезім.
…Қазақ халқы құдайдың шәкірті ғой,
Мені айна ғып, түріңе қарашы өзің
 
Жұматай Жақыпбаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *