Астана қаласының 15 жылдық мерейлі
мерекесіне тарту етемін.
Жалғанның желбіресе
Туы шыңда,
Жақындап бұлттың өзі жуысуға,
Бар ақыл,
Бар парасат
Басын қосып,
Қала тұр
Уыз нұрдың
Уысында!
Жиегі –
Жасыл құрақ,
Жас қарағай.
Дүниеде
Қала бар ма
Астанадай?!
Жүргінші көшедегі біз түгілі,
Қарайды тебіреніп
Тастағы Абай.
Алсаң сен өткен күнді есіңе ептеп,
Болсаң сен тарих сырын несібе етпек,
Астына тұлпар мінген Кенесары,
Ойы бар –
Көк Есілді
Кешіп өтпек.
СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ