Хош иісті Қорлығайың түнде «бүрін»
Жарады,
Тарыдай мұң сенің тұнық жанарыңнан
Жаныма у боп тарады.
Шам отына
Тау иесі жақындаса,
Шамалы
Бір ой оны
Бір ой мені бұралқы итше қабады…
Көктем алыс,.
Көктеген жоқ
…Сынық талды бақ əлі,
Бұлбұл құстың «жұмыртқасы»
Бір тамаша əн салады…
Қыз шашындай толқындатып өмір ағып
барады…
Бұла-бұла үміт көшкін сабаған өгіз тері-сірі,
жаным жаралы.
Қайыңдардың қабығы да қызыл аймен
Өртенген,
Ескі досым елестейді,
Бақытынан ерте өлген.
Пейіл…
Мейір қайда екенін білмедім,
Шайтан мінген Алдардайын.
Зіл түспеген желкемнен,
Зейін деген зекетім де
Науқас-ты.
Төңкерістен кейін келген
Зертеңмен,
Мен аузымды толтырғанда
Сенің аппақ сүтіңмен.
Беу алыстан бір шөкім бұлт
Маған қарап,
Түтілген.
Шаршы көктің қақ жарымы
Парсынама секілді еді,
Жолым опық-қор болғасын,
Оны да оқып «бітіргем».
* * *
Қылықты өлең көріп пе ең?
Қылықты, бірақ,
Кекілді…
Көп басқан қара көрікпен
Балқытқан темір секілді
Қылықты өлең көріппе ең?
Қызарған сенің кейпіңді таңбалап қойсам дұрыс ұқ,
Сазарған кебір-бей түнді азаннан атар жыр ұшық.
Қызарған сенің кейпіңді таңбалап қойсам дұрыс ұқ,
Ұртыма шыққан ұры тіс, сені де өртер бір əнім.
Құлқыма енген тірі-түс аулақтау жүрші сұрарым.
Құлқыма енген тірі түс…
Көгілдір өлең бал-бұла,
Көк ала көкте ай тандыр.
Өткен мұң басы салбырап,
Əуенсіз кеште сайтан жүр.
Көк ала көкте ай тандыр…
10.12.1994
СҰРАҒАН РАХМЕТ