ҚАРА ӨТКЕЛ, ҒАРЫШ, ӨЛШЕМ

Жадау ай жамаулы ыдыстай, кейде ашу боранды.
Тордағы қамаулы құстай жан-айқай үзік.
Беу! Күллі тораңғы.
Бұлт көкжиегінде булығып өлердей, арай тамызық.
Жай тағылымдардың бəрі күрделі, жанды тарайтар
ызың.
Өңір өртеніп жанады алаулы мыстай,
Жапырақ табыты мұздақ бетінде шашылып қалған.
Көксерке қадаулы қылыштай
Мəңгілік басы ұлықталған.
Мың жыл бұрынғы жазулы қыштай.
Етегін қағып сұлба жол тұрады басы құт қардан.
Жақын сылдырлар, алыс сарындар сондай мұң ізді.
Таулардан тамады үнсіз мейірім байғұз-сыбызғы.
Тілсіз өлеңге мінсіз бей үнін қарыздар…
(Ғарышта кім бар?)
Діңіңде сауалды ең жақын сыбдыр, таныс сарындар…
Иə, құдай-ау! Қара түн салбырап төнеді,
мүрдесі барады қалқып.
Самалдың сақалы көл бетін үрлеп, үйрекпен сызады
баяу.
Біздің үй. Ен жайлау. Дара мұнартып…
Көңілде кірбің сынады, жаяу.
Өмілдіріктен асқан өзеннің өркешін зерлі үзеңгі қауып,
Қара өткел қол бұлғап ағады… Ұзады… Аяу…
Боз жал толқынның көкжал күшімен түзелдік, ауып.
Заман таяқ жеп өтеді осылай өткелден, түзем жылауық.
Сан мың күліктің ізінде əн-мұң ұялап,
Балапан шиқылы;
Жағалау өзімен мазасыз, шағала – өзімен күйкілі.
Көне дыбыстай тілдесіп, үндесіп
Көң менен көк аспан;
КӨГЕННІҢ БАСЫНДА ТҮНЕЙДІ КӨБІК БҰЛТ
ҰЙҚЫЛЫ.
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *