ҚАЙТА ТУУ

Ақиқат. Тұзым, дəмім
Аспанда тудым ба?– деп
ызыңдадым.
Ыстық жырлар көз ілді
бұзылды ағым;
Ай бетінің көрдік біз сызылғанын.
Сызылғанын байқадым сүйелденіп.
Бұлқынады жүрегім
қызыл қаным.
Қысқанда қабырғадан кием
келіп.
Көктегі сан жұлдызды
иемденіп;
Мылқау түн, бейжай ағым,
тоқырады үн.
Күз жанды күйдіріп көк
топырағын.
Ақиқат, бұзылғаным,
Кеуде ішінде тыпырлап
отырамын.
Жанға жинап жаһанның
сынықтарын,
Керіледі кешегі кіріптарым.
Өрт кемірген бұтағым
бұтар, бұтар,
Сұлап жатыр əр жерде
сынықтарым.
Басы күйген кенже гүл
мұңаяды,
Бірдемені түсініп,
шын аядым.
Сары ауаны тіреп тұр
бір аяғым,
Қаңғып түскен қабықтан
 
қайта көктеп,
Өз қабымнан шығамын
шайқап, ептеп…
* * *
«Мен Гамлет емеспін,
Гамлетке ұқсағым да келмеген»
Томас Стернз Элиот
Арс-арс етіп тас жолда
қаншық етік,
Жүрегімді барады жаншып
өтіп.
Күн кетеді осылай күрең
жолмен,
Əр сақалдың талшығын
мансұқ етіп.
Көсе болар сол уақыт
түбі тегі,
Уақытқа дарымас үміт
ебі.
Келер шақтың əуені сол
кейіппен,
Кезеріңкі ерінін жібітеді.
Арс-арс етіп тас
жолда қаншық етік,
Ардың бетін барады
жаншып өтіп.
Алматы, 26.10.2006
 
«Қол-жетпес» деп аласаны
заңғар қып,
Кеудемізге шоқ тұтатып,
Нан қарыдық.
Кəрі атаңның
Сақалында ілбиміз
Сары атанның
табанына жалбарынып.
Шалдар сілем,
Шалдар бағыт,
Шалдар
Ұлық.
Сол үшін де
Сан шиырды аңғардық.
Құн өскінін
Құрым кигізге жазамыз.
Ту ешкінің көн тұлыбын
Шалбар ғып.
Миын көсеп, селебемен,
Істікпен.
Үзеңгімен қисын сыздық
Үштікте ең…
Тарихтың арам шөбін
шайқалтып
Жел соғады,
Сең соғады түстіктен.
11.02.2007
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *