Құйрығы қар,
Ақ жаңбыр селдетулі.
Биылғы жаз тағы да кенже туды.
Бұйырғыны аз бұталы белегірде
Желпіп өтті жұп-жұмсақ жел бетімді.
Шілде, шілде сіркіреп боталады
Найзағайдан
Көңілім от алады.
Бұлт иіген бұйраттың баурайында
Булы аспанды жаныма қотарамын.
* * *
Қарға тамыр кағажаулы кептермен,
Нарға тағым ала бұйда
Ақырғы ұшы септелген.
Қол қыранның саңқылынан
Түз сілкінген секілді,
Бір танық күй домбыраның алқымына
кептелген.
Басқа оранған таспа дилы жағал ми,
Ащы оңбаған сал етеді санаңды и.
Қашқаридың басын тұтқан шын тамұқ
«Қазақсырап» қаңырап тұр қараңғы үй.
Оразасын отпен ашқан қанқұйлы,
Бал сыраның иісіне балқиды.
Шоң азабын жерге көмген тең бөліп,
Паң шығыстың
Тірі оттары шалқиды.
Өтірікке тояттаған теліме
Өрік көзді бүркейді аппақ шелімен.
Сірке сығып бодаулыққа боқ қимас,
Білтешінің бойы тапал,
Ені кең.
Салқын күлкі үйіретін ызбалап,
Нарқы сылқым, нан айырған тұз жалап.
Қамыс үйіп қаңтар кешкен үйек бұлт,
Ол, үнсіз мұң —
…Намыс құзын түйіп өтер мұзбалақ.
Хан нəдүріс,
Қара ібіліс шетінен,
Жан сабылған жала желдің өтінен.
Өз күйігін шуағымен тырналай,
Көз қиығын сұққылайды тұнған Ай,
Арқар пана серкешенің бетіне.
Бөрі құқай, өлі сусын шағырмақ,
Жер ширығар тас түбірі тамырлап.
Ен ғибрат кең шығысқа көшпей тұр
Қарашаның қабағындай қалыңдап.
Сары тұман…
Сары кағаз…
Сары сəрі… ақ сұбап,
Жын-иеден нəр жұғады бақсыға.
Жапырақтан оқығаным ең соңғы
Дүниеге келмегендер жақсырақ.
СҰРАҒАН РАХМЕТ