Қиял жаныңа естелік қалдырды
Жүрегім жұлым.
Аунаған толқындай санам да сан қырлы…
Білемін, Зіл. Үн…
Жаңбырлы.
Ашық терезе. Жауынның иісі.
Бір түрлі əн демі жоғалған.
Ескі белгілеу,
жыртылған.
Ескі сағыныш, іркінді. Паршамын.
Кей сөзім əлемнен алыс,
Бей сезім аяп аршаны
Мың ғасыр бұрынғы жазылған хаттай
Шаршадым.
Уақыт сыңар қанаттай. Маңдай да қатпар.
Жыртық кеспірде жыртың күлкінің үзігі,
Таңдайда дəт бар.
Зағип бөкендей жалғыз жол, бұдырсыз,
сызығым
Жұлдызын теремін жұлдызды жылқылар
ізінің?
Өткен шақ өзіне сіңіріп алады,
өкпектің ызыңын.
Кей сезім өзімнен алыс піседі…
Мүседі ми үстеп.
Раушан гүлінен азырақ үзіп ап
иіскеп… Талшығым.
Кешегі ізімнен, кешегі мүйісте.
Өзім тығылып, өз табаныма.
Өзім жаншылып…
Жолдармен адасам мүлде созылған
сұлық.
Қиял жанымда естелік жылайды,
Жұмыртқасы ұлып.
Күнім өртеніп батады ымыртқа сіңіп
Тозған суреттей;
Əуенім – қателік, қаперім – қасырет,
тұман.
Түн ауып барады, құлақта желік,
Тас леп. Дүрмектей.
Тамшы жұлдыздар əлдилеп жылауық
даланы…
Бəрі де күмəн!
Бəрі де Лаң!
Соқыр тауықтар маңым, шашылған тары,
торыған мысық.
Құнарсыз қыртыста құлаған сары қар – құсық.
Есік көзінде жер ошақ. Төрт көзді…
төрінде ұшық.
Қиял жалауы желбірейді алыста. Бағыштап.
Мəлім… Күш… Ақпар…
Құрттаған сөйлемдер, қалың кітаптар…
Жалын.
Жаныңды ұсақтар. Залым құшақтар!
Өлі жанарлар, қайраулы азулар, байлаулы
жазулар.
Жетім нысаптар.
Өрді, өрді ұмытып, сырғимыз, ылғи біз
тегін ылдимен.
Шегініс секілді жылдамдық
ілбиді Ең…
Шағыл кезіп қаңғып жүрген
қай күлкі?
Жыл жығылған етегіне
теректің.
Сағым сайдың кекілінде
Ай кілкіп,
Боз шоқтығын сипап қайтты
серектің.
Киіз үйдің түндігіне шырмалып,
Түз дүниенің жабырқауын-ай
жаяу!
Шағылдағы сол күлкінің жұрнағы
Таң ұнтағындай-ау.
Бүрлі талдың бұтағында сан түрлі
Балапанның шиқылындай
«іңгə»-лар…
Бал қайыңдар аппақ жұмыр балтырлы
Балағына жармасады жылғалар.
Бүрлі талдың бұтағында
Ай кілкіп!…
14.11.2010
СҰРАҒАН РАХМЕТ