ТҮН

Түн емес қара шуақ –
түн дегенім.
Басымнан жауып тұрды
Бүлде мен Үн.
Қасымнан сылдыр қағып
қашады арық,
Үнсіз мұң,
Тілсіз əуен
Үндемегін…
Тірлігім жалғасады
түнде менің!
Түн болса майда қоңыр
зілді емемін.
Нілсіз дым,
шыңсыз дауа,
масаң арық…
Сүлдерін үнге сүйеп –
сүмбе кебім.
Бір сəтке ішке бүгіп
жүлге демін.
Алыста кісінейді
Құр дөненім.
Жұлдыздың шырағымен
Жанданайын,
Күндіздің лаңымен күнде
өлемін.
Түн болса басталады
еркіндігім.
Түн деген – тылсым ғұмыр
серпінді ұғым.
Егілем ернеуінен
тістеп тұрып –
Жыр деген түннен тамған
«ертіндінің».
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *