ТҮНГІ ӨҢ

Шағаланың қанатынан дауыл иісі бұрқырап
Толқын желпіп жағаны,
Көл мен көктің арасында сансыз қиқу
Шырқырап,
Көкке қарап қол жаяды сабаны.
Жүз жыл бұрын көмген əуен қайта ұлып,
Түн құшағы түрен жыр.
Қасқа тайдың кекілінде ай туды,
Күлте жалды – күрең қыр.
Жағыланның шалғайынан сəн үзілді шаршаған
Ғазал жаңбыр – кешкі мұң.
Борхес сезген үйлесім;
«Ажал мені іздеп жүрсе, мен де оны қарсы алам…»
Қош! Ес түбі, барша мəн.
Толғақ біткен жиілесін.
Жүрегімнің орнын алған таудың кейіп-кескіні.
Ертеңгі күн əнімбей,
Сүйретеді ескілік.
Ұстараның жүзіндегі өрік көзді кешкі үнім,
Ақ жалаттың тоқымынан аққан тердің дəміндей.
Бұлақтардың тұмасынан естеліктер ышқынып
Құлағыма асылды… «Е-е-е!»
Көзім тұман – бір ғасырдың ұсқыны,
Тағы бір бет, тағы бір мəрт ашылды.
Зиынында асқынып.
Ши түбінен қоян қашты… «Ой, албасты!»
Ояуым… қалқып өтті жасыл жел.
Аққулардың қанатында қызғалдақтың бояуы.
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *