Естілер не үшін таласады екен?
Ешкім де озып кетпеген, сірə.
Ешкім де қалмай кешіккен
Сан пенде туып аяқтанар алып жер бесіктен.
Алақанын жайып аспанға
Жұдырығын түйіп əлде біреуге өшіккен.
Сорлы жаһилдер таласады сорлы қылықпен
Жалаң жапанда қалған,
Кері кесапаттар мен кермек несіпке.
Арғымақтардың аламан дүбірін,
Алғаш естіген саққұлақ иттен адамға пайым
Жетті ме?
Дүние сілкінді,
Дүрлікті бір сəт нəубет рух иелері өз
машақатымен өшті де.
Алма ағаштары бұтағын қорғап ешкіден
Көкке тырмысқанда
…Жалған дүниенің теңсіздігі басталған дейді
Естілер.
16.11.1994
СҰРАҒАН РАХМЕТ