…Терең ойлап тесіле қара… М.Құрманхан

Еске түсті есіл күндер талайғым,
Самайымда ізі қалды сан айдың.
Жалпақ дала, жарты пəни — жомарттық,
Сана қырсау, жатыр толқып жан-айдын.
Дүние кең сол жалғаннан тарайды Үн.
Сал əуені құтырады сарайдың…
Іріген құм, ашыған су ал сосын,
Шіріген бір жұмыртқа тұр қараймын.
Солар үшін қаншама мұң жазды адам?
Дейді мылқау:
-Мың да адаса жаздаған!
-Мен ғашықпын!-десем қызға,
Ол үнсіз.
 
Аяды ма ақша берді аздаған,
Кешір дейді кесірі мол кеңес күн.
Керемет не, мүмкін соған теңестім.
Ең алғашқы ермек үшін тудым да…
Айқайладым.
«Ең соңғысы емеспін!,
Есек дəме:
Желге ұшты ма жаздағы Əн.
Отың қайда тозақтағы маздаған?
Десем мылқау:
(тағы, тағы таңданыс)
«Шоң бабалар шоқтан сүйе жаздаған!»
Ең ыңғайсыз, ең тебірік тұңғиық.
Олай болса алға қарай ілбиік.
Мен таусылдым. Ертең тура осылай:
СЕН ТУАСЫҢ АШАҢ ҚАРНЫҢ ІЛМИІП.
* * *
Сайдың ыстық қолтығына құлап түн,
Сілекейін сорып жатыр бұлақтың.
Бірақ, мұнда бір ғажайып əн бастап:
Жетім даусы жаңғырады лақтың.
Əлсіз зарлау, əлсіз маңырау жылап тым,
Құрышына жабысады құлақтың.
Ел қыдыры соңғы əуенге басты ма?
Ен дүбірі таяп келді жырақтың.
Шекесінде бақыты жоқ кертік қыр,
Сол лақтың көмекейін шертіп тұр.
Ес түбінен қос иінін қозғап Ой:
— Семсерге де дейді берік серт ұқтыр.
Сақал шашы жалбыраған қара аспан,
Сыр тартады Шам, Самара Тарастан.
Көз түбінен қос иінін қозғайды Ой,
Өз тілегі, өз қарнына жарасқан!
Лақ мұңы:
Жел қайғырып, құм күлер,
 
Лақ мұңы — түнгі шипа, түнгі мөр.
Осылайша Рим қайта түлеген,
Осылайша маңыраған Үнділер!
Алыс менің сəттік, сəттік,
Жұмағым,
десем тағы маңырайды лағым.
Құшып сүйген бабам неткен мəрт еді
Махамбеттің тұлпарының құмағын.
Лақ мұңы – мені жынды қылатын,
Мұнарыңа ора, ой-хой, бұла түн!
Құйлқылжытып қайда қашып барасың?
Құйрығында жұлдызы бар құла атым.
Амал бар ма ақ лақтың «күшіне».
Тартты мені тау киенің ішіне.
Сол дауысты, жібек қанат дауысты,
Түйіп алдым қаламымның үшіне.
* * *
Желөкпелік
Желбіреген желбезек,
Төңкерістің көсемдері елгезек.
Ер кезегі үш қатердің бірінде,
Ең соңғы рет түңілмей
Ет, тіліңе бер кезек.
Ой нөсері жаусын бір.
Қоздырғышы
Қорасанның,
Аусылдың.
Жаның-үрей,
Ойың — нала, даусың-мұң.
Көмейіме қорғасын құй, оңбаған,
Көлеңкедей түн астында
Таусылдым.
Көл бетінде нұр шуақтай
Қорғалап,
Қырсық Ай тұр
Дір-дір етіп жол қарап…
Қанша жұлдыз
ағып түсті,
білмеймін,
Саусағымның саласынан
Сорғалап…
Бақыт…
Уақыт…
Нəрсіз несіп бір игі,
Ақыт рухынан
Жаһил жаным жылиды.
Ғасыр дəмі «Топырақ» деп ойласаң
Басындағы шөкім миың
Шіриді…
Өкіну де керек емес
Өкінбеу…
Тірлік деген су қайнату, от үрлеу,
Өтіп барам ар таянып,
Тəн сүйреп,
Сан миллиард нөпір өткен,
Көпірден.
Қиял шегі жасыл жұлдыз,
Салқын бақ,
Əлем күйіп жатқан сынды артымда…
 
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *