Оныншы тілмен жазбағын… Расул Ғамзатов

Ол зіл атты, көп қаздар
Оққа ілінді.
Оққа ілінді, от ойнап,
Шоқ бүлінді,
«Мергендігі» – дейді оны
Жерленді ұғым:
Көкке ұшқан көрсетіп
Көк күліңді.
Көкжиекті қан бояп
Таң райды.
Жетім қалған қоңырқаз
«маңырайды».
Жел үрлеген əжімін
Сеңге тығып,
Сұрқай көкке ымдайды
Тəңір айдын.
Қаз бауыры, қара əуен –
Дара түрен.
Қара сұр өң –
Ақылдың жанашыры… Ең…
Қаз бен əнді жалмаған
Тілге шауып,
Мылжалайды темірдің
арасымен!
Ол тіл тартты, күйреді
Мың ізгілік
Қара өлеңді қарғайды
Сұм үздігіп.
Ас…
Си…
Ми…
Лация… төрінде сөнеді
Үміт.
Əр ерменнің бүрінде сыбызғы
Ұлып!
14.02.2007
* * *
Бұрыс қарап жүрсем де
Дұрыс деймін.
Көрінбейді бір түйір күріштей
Мін.
Құс жолында құлын жыр
Құйғытады.
Кештің мөлдір кірпігі
Күмістей мұң.
Ат тұяғын айланып
Ұшқан жұлдыз.
Айдың жүзін аймалап
Құшқан күндіз.
Бура шыңның ақ жолақ
Шудасына,
бəдіз қонды баяғы
Тышқан
жылғы із…
Осы ендікте мəңгілік
Қаңғырсақ та.
Бір керемет күй шалқып
Жан құрсақта.
Бізге дұрыс əуенді
үйретеді.
Үйректердің үнінен əн
Бұршақтап.
Бей бұлдырық жел құсы…
Бас жағымнан ұшып өткен
Сенбісің?
Ғұмырымның зырлап
қайтқан қайығы:
Менің тірі жүргенімнің
ең кіші –
Ғаламаты сенбісің?
О, бұлдырық
Жел құсы:
Екі келмес уақыттың сел –
Күші
Өлеңдердің өртеп
өткен шақтары,
Анашымның самайының
ақтары:
Менің сонша сүрінгенімнің
Белгісі.
Бей бұлдырық
Шабыттардың шалқып ұшқан
Шақтары
Нақ, нақ, нақ, нақ бəрі?
Қанатыңнан қайрылатын
Жел күші.
Жерге тамған шырақтарым Мың:
Ең күрделі
Сұрақтарымның белгісі.
Бей бұлдырық…
Ең кіші.
Атырап тылсым…
Япыр-ау, атырап тыным.
Аптаның бояуы жұққан
Бедерлі:
Алақан жаяды жапырақтарым.
Тамырдың соғысын тыңдайды
Басқадан,
Бақылап жаным.
Жапырақ талында жарты
Үнім бар.
Ақымақ бағым.
Ақымақ бағым, тынысым
Сиынам бұл үшін
Тағы.
Үгіліп түседі түйсіктен
Пыраққа
Тыныс ұнтағы.
Солай, көңілге қайрап
Келеміз
Тінінен алыстап қалған
Қылыш – ынтаны?
Атырап жаным…
Бояуы қалды арқамда
Ақыры аптаның.29.01.2007
 
 
СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *