НƏУБЕТ ҺƏМ CIVILIZATION

Ырыс, бақ қонған дала төсінен,
Гүл ұстап келеміз шынтаққа дейін қан
жұққан əлсіз қолдармен.
Тыныстап келеміз сол естілер жасаған
Жансыз долбармен,
Сорғалап барып сарқылуға дəс қалған ба?
Адамзат — тобыр не бір тəсілмен өздері салған
жолдармен жүріп.
Жер – деген нардың арық арқасы бытырлап,
Пенделерді артып барады…
(Жұптардан жалғыз үтір қап…)
Өркениет кімнің болашағын болжары
шытырман…
Тек қана бізді ғайпи бір күш Құт ұрмақ,
Талайды көрген мүскіндер үш бірдей тұста
құтырмақ.
Жер деген нардың арық арқасы сыздайды
дəйім бытырлап.
Абайды көмген ақ топырақтың үстінде
Олжас ағамның жүрегі жатыр тыпырлап!
 
16.11.1997
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *