Сүймейсің мені,
Айтпаймын саған бұл сырды…
Айтатын болсам егерде,
Асқар шың болсам шөгем де,
Кетемін сенен төмендеп.
Махаббатыңда жазылып қойған заң жоқ қой
Сүйетін пендең секірсін деген төбеңде.
* * *
– Сүйдің бе мені,
Солай ма екен, сендің бе?
Айтайын енді… Қайтайын енді райдан,
Төбеңе шығып, секірсем-дағы көндің бе?
Ұят-ау бірақ
Махаббат деген «құдайдан».
Кеңшілік МЫРЗАБЕКОВ