Микромир-мипалау,
Күйкілі өмір,
Күйе жалмап күйген құм
Шикілі өңір,
Ирең-ирең ілбіген,
Жұлдызқұрт көп,
Имек айдың соңынан
ит үреді.
Заман өңдеп бастағы
Күн қалпағын,
Зулап өтіп барады,
Мың қанша ағын.
Ілбіп, сырғып,
Түшкірген олар үшін
Бұла тірлік құмдағы —
Тұнған сағым.
Ел тарахан, патшасы —
Қара мысық
Өлетіндер өтеді
дала құшып.-?…
Жырға оқталған
қаламның ізіменен
Күл боп қалған аққулар
барады ұшып.
СҰРАҒАН РАХМЕТ