МЕҢ-ЗЕҢ КҮЙ

Қармақ сынды
Қайқы тілді үтірдің.
Қалдық жемін,
Қайтардым да түкірдім…
Əбжыландар
қақ қанымды жұтса да,
Көк тəңірім көлбеткен жоқ
Шүкірмін!
Көне дəріс,
Көне теңіз ақтаңдақ,
Көр қоқыста шауып қалды
Қақпандар…
Ақылынан алжасып жүр бүгіндер,
Көк түріктің кермек қанын татқандар.
«…Шемен болдым…»
Төзім — тершең, Сөз — ылғал,
«…Керең болдым…»
Көңіл-кебең, сезім-бал.
Менің жұмсақ сор денемді айланып,
Көкірегімді тесіп тұрған
Көзіңді ал…
Өмір өрме…
Өмірем қап, сірі ұғым!
Өлілерден сəл ғана артық тірімін!
Қолаумын мен қолтығының безі өскен.
Көлеңкеге ораулы-
Көп сəуленің бірімін.
Қармақ сынды,
Қайқы тілді үтірдің
Қалдық жемін қайта шайнап түкірдім.
Көк тамырым, көбік шашқан көк өзен,
Көк желкемнен көтеріп тұр бүкір мұң.
 
01.01.1993
 
 
 
СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *