МАШАҚАТ

Шырғалама, шымшыма басымды ұдай
Амор-Лай кəнігі
Асанға жай.
Салмағымен айырған сары көлеңке
Жан-жағымнан ызыңдар жасыл құдай.
Амор, сенің қорқамын
Сыңқылыңнан.
Кеудең кейкең,
Түсің – қан.
Мықының нəн…
Жарты мұңлық, жарты кеш
Күнге сəлем.
Алты құрлық, жеті əлем
Ықылымнан.
Алты құрлық, жеті əлем
Ызың Елес,
Тін апанның аузында
Тізіледі Ес.
Біздің жаққа қаптаған
Сызық бойлай
Сорғыған ми
Сормаңдай қызыл өңеш…
Сорғыған ми,
Сормаңдай нəсілім кем,
Асылымның барлығын
Жасын ілген.
Пəс үнімен желіккен
Жасығым бар,
Желінінен сүт аққан
Мəші мінген.
Мың ықылым
 
Ынжықтау қызыл өңеш,
Ебесіңдер ескінің ізімен өш…
Бір қырсық жүр кезеген
Кеңістікте
Келте де емес,
Керемет ұзын емес.

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *