Қараңғының ойығында тұр шырақ,
Қара ағындар тəуелінде шылғи
Мəн.
Жапырақтың əуенінде мұң сұрақ,
Құлағыма қазық қағып,
Құм құйған.
Темір торға арқандаулы дəріптер
Əріптерді нұсқайтынның тілі
Мөр.
Түстеріне енетіні ғаріптер,
Түс үзілсе ғалам түгел бүлінер.
Түз оянар сансыз түске қақалып,
Бояуына тайғанақтап жер-көктің.
Қыл қаламы қара шалдың
сақалы,
Қимылына аялдайды жөргектің.
Кеудешенің түймесінде кідірген,
Түз үзігі түнеріңкі – күлте
түр.
Ай табанын сүйіп қойып күдірде
Таң мен түнді қақ айырып білте тұр.
01.11.2010
СҰРАҒАН РАХМЕТ