Милау халге тап боламыз,
Шақша басты ми қызып.
Жүрегіміз алаулайды,
Əз денені күйгізіп.
Көксау заман өкпесімен,
Қағып-қағып ұшықтап.
Оқшау пана көрсетеді
Қара құрым кигізіп…
Қыңыратқан қырат асқан
Ұзын сонар қимыжық.
Мимырт-мимырт заңды қуған
Тамыр ауыз Күй қызық!
Ұшқан құстың көлеңкесі
Соғып өтер бейуақыт.
Басқалары ашқарақ үн, қилы ызың.
Ақ боламыз, сақ боламыз,
Теңіз суын бір құманға
Сыйғызып.
Асыл тастан мүсін қашап,
Асығамыз үй бұзып.
Бас ұр мейлі баһадүрге,
Аллаға тіл тигізіп.
Сый құлына айт сырыңды бұрма сөзін,
Бұйрығын,
Кетсін солар құйрығынан сүйгізіп.
Қауым бүгін ыбыр-жыбыр балға қонған арадай.
Ауыр жүгім, тауық жылы жанға шыққан жарадай.
Жеңесіңдер!
Жеңесіңдер!
Деймін де,
Келер түнге қарап тұрып, жан аға-ай…
Алақанға түкіремін қарадай.
04.01.1994
* * *
Дымқыл шықты шөп басынан
Сүртеді із,
Кебе құрғақ көз жасы мен күлкі егіз.
Ақ мамығын жайып, жиып
Таранып,
Аунақшиды құс жастықта бір теңіз.
Бақталасқан өңсіз өрт пен
Керіш мың,
Арғы түбін сыздатады беріштің.
Бей молада перімен,
Жын айқасып,
Қап-қара аспан ұшықтайды жер үстін.
Арда үрей баба-сілем
Тұрақты із,
Жыл соңынан жылыстаймыз
Жылап біз.
Жыр екпінін өшірмеген өшпеген
Түнек түнде сығырайған шырақпыз!
Тікен кірпік, бүбі қыздар «тірі» ұлдар,
Мəңгі мұздан айнымайтын
Түрің зəр.
Барлық заңның ең əділін
Таңдап ап,
Балбалдардың бəдізіндей
Тұныңдар.
СҰРАҒАН РАХМЕТ