Күн ұзақ, күрең жолдар
Ақ бөкендей өтті өріп,
Күйдіреді күпсе құм да табанына бек
төніп.
Шабдар күннің мыс тозаңы-ай
Кешу сені шын азап,
Қанжығаға үрей қоржын бөктеріп.
Қайда мекен, қайда жұмақ, қайда ауылым?
Қайда ақ боз үй, аққулы көл жайлауым.
Дармакрити даңғазасы тым-тым бөтен
екен-ау,
Далон семсер есен бе екен қайраулы.
Қабақ басқан салмақты ойды
Сəл көтеріп белсеніп,
Көкке қарап тамсанамыз кербез бұлт жүр
теңселіп.
Е, жасаған! Келем міне сапарыңда
(Асалай гөр еңсені),
Құмырысқа денемізбен пілдің жүгін
еңсеріп.
Кең сахара тым алыссың тарсың-тарсың
кейде шын.
Жан сірнеге нəр тигізбей мазақтайды-ау
кей кешің.
Тентіреткен тесік тағдыр бізге берген…
Мейлі, өші,
Тер-тер сіңген Ұлы Абайдың жейдесін.
Жұтам ылғи содан кейін сынық айдың суға
түскен бейнесін
Көк кенезе қаңсық-аңқа
Алыс сілем мен жолаушы жетпеген.
Жол торабын жоңқалаймыз жомартқа тəн
ниетпенен.
Тағатымды тарғыл мысық тырналайды
мияулап.
Қара тілді дарақы арман иесіміз текті емен,
Өмір хақтан өлім жаққа беттеген.
Ең кесірлі ен далада қалармыз ба текке өліп,
Еңкім тұста есіл самал ерке өсірді серт беріп.
Құйма сапты сауысымен өтпелі,
Сыйға арсыздық жасағандай зəрлі қыста
өкпелі.
Салқын тұма ой, миға шапқан секілді,
күні бойы күн жұтса да,
Тіске ызғарын өткеріп.
Дармакрити даңғазасы тым бөтен,
Далон-семсер есен бе екен қайраулы,
Қайда мекен, қайда жұмақ, қайда ауылым?
Қара қобыз үнін шертіп тұр ма екен?!
Аппақ бота аяғынан байлаулы.
СҰРАҒАН РАХМЕТ