ЕМЕС

Эдгар По
Легран пайымына қарай…
«Алтын қоңыз».
Емес, емес ерегес
Секем бойлап жүгіреді
Сері Елес,
Айға өкпелі алып дене
Бірдеме…
Ғарыш емес,
Керіш емес,
Жер емес!
Мəңгілік түн
Маужырайды ерте кеш,
Ені тарлау
Екі ұшығы келте емес?
Өңсіз,
Түссіз,
Нəрсіз,
Əлсіз нəсілдер
жастанады зер тегеш…
Ешбір меңсіз,
Ешбір теңсіз тыс ұғым.
Жаралы ағаш
Жалайды аппақ
Ісігін.
Барады үркіп аспан жаққа
Сансыз кит,
Бауырына сақтау үшін
Түсігін.
Жолдар қиыр
қиыр басы ілмек-ті,
Сол ілмектің шырмауында,
 
Жыл да өтті.
«Ібіліс қалың» дегені үшін
Елеусіз,
Құмырысқаның тістеуінде
Піл кетті…
Жылқы күліп, тау кісінеп,
Құс ұлып.
Тағы келді бір тамаша
түсінік.
Жылан көктеп, ран өскен
далада
Көкала тас өліп жатыр
Ұшынып.
Мəжуси мен қысқа қарын
Мүсілім,
Нұсқаларын шұқып жейді
кісінің.
Ұстағаның ұлпа болып,
Құдірет,
Қара бүркіт емізеді
күшігін.
Жел – жерік ас,
Жел емес.
Есеңгіреп есінейді
денеде ЕС.
Шошынарда қуанып,
Бек жылаған…
Қуанарда шықшытынан
жын ағар
Осыларға қарап
тұрған мен емес!
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *