Жібек бұлттардың шеті сөгілген,
Жерошақ түтінімен жамап, Ауылда.
Тастардың секпіл бетіне сіңген,
Сезім қынасы ғажап… Жауында.
Дала əлдиі жүдеп түнеді,
Бозала биедей құлынды таңым – бие бауында.
Дір етті демім, самал жел баяу бұлқынып,
Қызыл шырақтай жүректің өңі.
Тана гүлдер де жаутаң аяу – нұр тұнып,
Түте бұлт жылап өледі,
Найзағай шықпыртып тіліп;
Сұрғылт желеңі – өңірін өрт шалған,
Тұтқыр түнектен.
Түте бұлт жылап өледі, тəңір айығып.
Меруерт тісінен күлкісін төгіп,
Шие ернінде қира дауысы таң райының.
Мейрім жылуын жинаған тау іші.
Бота көзіне мамыр айының,
Майса шықтарын сыйлаған
маусым.
СҰРАҒАН РАХМЕТ