Бодаухан Тоқанұлына

Есуастар, буддалар, «Геркулестер»
Тал бойыңа тұтқан ар-сертіңді ескер.
Ес түсіңнен қалмайтын назды түндер
Есірткі ішкен есіріп еркін кештер.
Бұратылған бурхандар
Мір — Зевстер
«Бұрымымды қиғызды түндегі істер…»
Пір-бандида
Шығыстан есінеп еді,
Бір бандының несебін үрлеп ішті ел.
Шамандар-ай,
Үндістер, заманға жай,
Толғанайын мұрсат бер алаңдамай.
Қыр басынан қыдиып көрінеді
Қырық ғасыр бұрынғы қараңдағы Ай…
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *