Бейтаныс аға,
Түсінесіз бе сіз мені?
-Мен жалқы жапырақпын
Жасын шақырған түздегі,
От балапандаған орынсыз
Сəттердің
Орынсыз сəттердің салауаты ма?
Білмедім…
Əлде бір күшті,
Əлде бір сұсты есірік Естен
іздедім.
Арды қамады һəм
Алаусыз, жансыз мол арсыз
Солардан лайым,
уайым ішке толар сыз
Бейтаныс, аға!
Сіз де солардың ғайфи
құрбаны боларсыз.
Күліктің оймалы ізінде
Туған ұл-қызға бір лағыл-
білтесін жаққан
Шырақсыз «олсыз, оларсыз».
Бейтаныс, аға,
Бей сəтте неге қондыңыз ойға
жүріп кеп,
Мен топқа бөлген ем
Абайдан соңғысын іріктеп.
Үндінің Тагорын,
Донның Пушкинін,
Күнзінің ойларын жіліктеп.
Кісінеп едім иен далада
кісенін сілікті
Білікті Һаям,
Тұнықтығы аян Ұлықбек.
Бейтаныс, аға,
Берекетім қашып тағы да,
Түкірдім қолға
қамшының сендім сабына.
Жалаусыз ілген
Жанымның жыртық
қабығын
Қақтап ем талай
Алаусыз шоқтың табына.
Зарығам солай,
— Аяғы кім?
Деп алыптың,
Үр дүниеде үрлеген шардан
жалықтым.
Көбіктің бəрін көр жақтан
Іздеп,
Төр жақтан іздеп,
Құдай-ау,
Жерікпін миына көлдегі
əзиз балықтың.
Зарықтым аға,
Запыран жалғанның тысы
көк.
Тыс пен астардың арасындағы иттер,
Семірді талай кісі жеп.
Білікті Һаям,
Тұнықтығы аян Ұлықбек.
Сосын сіз үшін құммен
Тілдесіп,
Тосын санада тұрмын кісенді
аттай кісінеп.
Бейтаныс, аға,
Жауымсың, жақын дос та өзің,
Бошалап кетеді бордақы сайға
бос сезім.
Сені көруге мұршасы мəңгі жетпейді,
Жазық маңдайда, мұрнымнан түскен
Құрттарды санап Қос көзім!
Алматы, 1995. Тамыз.
* * *
Қызыл күннің соңында
іңір кешіп,
Қылғып жұтып жүргенім
сіңір-несіп.
Түстен шошып «түлкілер»
түнереді
Түңіл, түңіл тірліктен
түңіл десіп.
Бір ай қара, бір ай ақ,
Бір ай жарық,
Алып дала сілкінді
шыр айналып.
Күн, күн санап түтігіп
Түтеленіп,
Түлен тұтып тұрғаным
құдайға анық.
Күнім сынап, тінім кір
түнім жабыр,
Əжем аян береді жылында
Бір.
Менің əлсіз білтемді
ыққа сүйреп,
Жел дауылдан қорғайды
тұлымды ақ ұл.
Кекілді інім сырымды
білген емес,
Секілдімін, əйтеуір, жүрген
елес.
Күрмеу-күрмеу күрделі
мезет-сызат ,
Күзім жазым, көктемім —
күл көмелеш.
Мен — күйрекпін,
Айтпайды, ел біледі.
Тысқа шықсам ай аяп,
жел күледі.
Жыр болмаса бір шоғыр,
Нұр болмаса
Менің тірі жүрмесім
белгілі еді.
Жақсы күнге жанымды
жалғады Асан,
Бастан тиген қисапсыз
балға да сан.
Айтыс қонған жұртымнан
бездім мəңгі
Қайтыс болған жандаймын
Əлдеқашан!
Асау рух, аялы шағала – шық,
Қан шуақпен келеді жағаласып.
Ит пақырлар
Кит болды араны ашық
Пенде – иттер үреді абаласып.
Табаласаң өз еркің бағаласаң,
Мағына — шын, сөз – жалған,
Сана – қасаң.
Құмнан өрген өлеңдей
биік болғай,
Жырдан өлер ақынның
Сағанасы əм
СҰРАҒАН РАХМЕТ