БƏБИ (Бабий) баллада

…Жағасында бұлақтың несібі жоқ
артықша,
Кесібі жоқ қызығар…
Шөп күркеде кемпір мен шал тұрыпты.
Ай маңдайлы қызы бар,
Күнделікті мəзірі, үш балықтан аспаған
Үш мүскіннің жазығы,
Ешбір жерді баспаған,
Еш белегір аспаған.
Ішетінің суы сортаң теңіздің,
Киетіні жемтірі.
Күйбең тірлік қыздың ісі негізгі
Шалдың есі – кемпірі.
Аян берді əлде бір күш, əлде бір күн
əманда.
Кемпір келіп шалына:
-Муса деген əз Пайғамбар бар дейді мынау
Пəни-ғаламда,
Тілеу тіле құдайыңнан
Медет қылар саған да.
Шал таңданып кемпіріне…
Қыз да үзген бір əнін.
Сөз қытықтап құлағын: Кемпір айтты
Бақтың бəрі Құладын,
Бір қимыл қыл, шырағым?
«Біз де сенің құлыңбыз ғой бақыт бер» деп
жылағын.
Шал айтады:
Бұл əнің қызық екен, қыраным,
Бірақ, артығы жоқ ғұмырдан,
Алтын дəметкенің бе?
 
Маңдайдағы бағыңмен, осы десе тұрағың.
Нендей амал қыламын?
Кемпірінің кемсеңдеген иегі.
Шал санасын иітті…
Тірлік деген Үмітімен сүйікті
-Ей, мұңдасым: Көрінбеген сұлбасы,
Көмілмеген сүйегі,
Қалай табам? Муса деген биікті.
Кемпір жасын сүртті де:
-Қалай айтқан сөзің бұл?
Жаббар ием жаратыпты бізді де,
Жалпы дүниенің сұра дедім бе?
Тізгінін.
Қалай жауап қатарыңды өзің біл.
Бүкіл дүниенің маңдайшасына кемпірдің
Бұйрығы ілінді,
-Бозқурайға үнін қосып,
Түздегі.
Кəрі жүзін үміт шалып, нұр жұққан
Шал Мусаны іздеді судан, нудан,
құрлықтан.
Жол нұсқады жомарт белдің жусаны.
Жел жетелеп қолынан.
Тапты ақыры қария,
Аңыз Мусаны хақ салауат жолынан.
— Алдияр,
Шөптен тіккен күркеміз,
Несібеміз үш балық.
Ажал жақтан хат келер деп үркеміз.
Кемпір қартаң, қыз да қалды тіс қағып,
Ғұмырды да жаратыпты жаратқаным қысқа
ғып.
Қысқалықтан тартып жүрміз сазайды,
Бір бақыттың «Илетпесең пұшпағын»
 
Бізде үміт азайды.
-Бізді неге мүскін етіп жаратты?
Жарымайтын жалғаннан, деп шалдың кəрі
жанарынан,
Жас аралас қан ақты.
Бүкіл дүниенің табалдырығында шалдың
сақалы жатыр.
Пайғамбардың санасына түнеді үн,
Таппай болмас бір емін.
Жылтпай болмас мəңгі – қыңыр шалдың
Реңін,
Қос мұңлықтың жүрегін.
Жас өмір, кəрі дүние үшін пайғамбардың да
айтары бар.
Тірлік деген заңы қатал райдың сезінді ме
Сүреңін,
Алдына кеп қақ пайғамбар құдайдың,
«Үш мұңлықтың тілегін қабыл ал» деп
сұрайды.
Əлқисса үн:
-Ей, пайғамбар несібесі олардың
Маңдайына жазылыпты емес пе!
«Мəңгі жарымасын» деп…
Пайғамбар кеп табанда баян етті бір істі.
Жарлық біреу адамға, қимыл шекті жан
Ұшты,
Жасымасын жарандар, тілек қабыл
болмайды.
…Бұны естіген қария, қайғы талмап зəр
Ішті,
«Өз жарлығын жаратқан, қайтарар» деп
қарысты.
 
Жалынған сөз жалынды, жалған өмір ылай-ды,
Құлағына шалынды осы бір сөз құдайдың,
Тілек қабыл…
Бүкіл дүние тілегі үшін жаратқанның
берген жауабы.
Шарт бір ғана, ай тыңдап, Күн жебейді іс
басын.
Үшеуінен айтылмақ, үш өтініш қысқасы.
-Аналардың жолы қақ, сен тілек қыл
қосағым-деді шалы кемпірге.
…Саусақтары дірілдеп, кəрі көзі іріңдеп,
Қолын жайды кейуана:
-О, тағала сен мені, жараттың ба?
Жараттың.
Құзырыңнан пайда болған құлыңмын.
Қыбырындай тарақтың.
Мəртебелі, Раббым, Əм жылуым,
Дүниеде жан жетпеген сұлу қыл.
Ал, сосын: Патшаның оң көзіндей серке
ұлына қаратқын…
Бүкіл əлемнің назары кемпірдің тілегіне ауған…
Биіктеді бір төбеден бір төбе.
Теңіз қашты сіркеден.
О, құдірет сұлу қыз тұр кейуананың
орнында.
Судан, нудан жаралғандай жалқыннан.
Шыбын қонбас күркеге,
Қонды қыран Лашын аяқ бауы алтыннан.
-Төбемізге құс қонды, мүмкін менің
махаббатым болар деп Сұлу
Үш секіріп, үш қонды,
(Бұ керемет іс болды.)
 
Ал расы жел аударып, жем іздеген Лашын
Ұлынікі болатұғын Патшаның.
Түрі де асыл, шын асыл, Ханзада
Кінəшіл,
Кеңге жайып құлашын, қуып арттан
мұрасын.
Қамшылаған ат санын.
Махаббаттың алдында мас болмаған аз ба
адам?
Ол керемет үміт-тін.
Қыз жындана жаздаған мысы тартып
жігіттің.
Үнсіз ғашық тілдескен, жүректерді аялады
мың кесте.
(Жел қақпаған боз ұлдың қолы қызға
созылды…)
-Мінгес маған, мінгес- деп,
Қыз мінгескен жігітке.
Мұны көрген шал байғұс:
-Кемпірімді əкеткен қандай пəле, қандай
Күш?
(Қапелімдегі үміттен қан қарайып,
сарғайды іш…)
Шал зарлайды тілек тілеп құдайдан:
-Мені тастағаны үшін бараққа,
Уа, жаратқан тілегімді қабыл ал?
Арсыздықты бастағаны шын.
Талақтың бетін қайтар.
Қызыл ит үрді ұзын өңешімде,
Осылып қалды тасқа намысым.
Сол үшін Доңыз болсын арапшы.
…Тілеу қабыл, кемпір – Доңыз, қыз – ада,
Ояулар түс көреді, бояу оңды ызадан.
Соңғы өтініш қыздікі:
-Иə, құдайым!
Ернеуі есен кесемнің, кетіктігі сіздікі,
 
Құр далбаса екен біздікі.
Бетін қайтар кеселдің.
Кейпін қайтар шешемнің.
(Əлқисса ол да қабыл болған…)
…Жағасында теңіздің несібі жоқ артықша,
Кесібі жоқ қызығар.
Кемпір мен шал тұрыпты.
Ең ақылды қызы бар.
Бүкіл дүниеге сотқарлықпен сұқтану аса
қатерлі.
 
11.12.1995
 
СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *