АЯН, КӨШ, УАҚЫТ

Кері басты, кетті. Өрге асты.
Теңдессіз төрлер қапас көрге ұласты
Ат сауырында некелер қиылды талай,
Қазақтың төрт қанат керегесімен ғажап.
Төрткүл дүниеге қазақ дөңгелек мөр басты.
Жер басты. Жетті. Ұлт еске ілесті.
Көшке ере алмағандар езуін кере сілесті.
Саптама етіктің табанын сүйген
Қырлары бошалап, сансыз да əлсіз салалы,
жансыз діл өсті.
Арқадан жел үрді, бөлтірік ұлыды,
Кіріптарлықтан.
Қарлы қабақтан зілдер құлады
сұлық ымырттан.
Əр төбе басында буалдыр обалар
Тіл қатты ерен,
Тұяғын құртқан қасаң тағалар,
жұлығын жыртқан жұртта.
Оқырана беретін қанатты уақыттар, ымдай
Жұлдыздар жанады көкте
Жаннаттың жаһұттарындай.
Сазарған аспан сақалын өртеп
Күйеді батыста,
Назы алуан іңір мекіренеді
Жұбанып, тарылмай.
Дана тəңірім, ана даламның көз жасымен
Санамды дымдашы,
Ақтабан ғұндар қайта қайтам деп
алаң қылмашы.
Алыстан ауған аң біз емес,
Тарымыз шашылған.
Алатауға ұқсас көрінер
Кешегі кесілген бабамның басы.
Біз бүгін сол бастардың киелі уысындамыз,
 
Тырнайды Қорқыт қобызымен қу ішімді…
Абыз.
Сəт сайын жанымда жылқы кісінеп
Аян береді даламда қалған қанды ту, сынған із.
* * *
Ақ параққа жұққан қырау – күз өңі,
Қайтқан қаздар қанатынан құлап мұң.
Боз даланың боза түкті күземі,
Бүршігіндей сынаптың.
Қоңыраулы, омыраулы, Қыр. Ауыл.
Теңбіл айдың секпіл жүзі көзеңде.
Тырналардың сыбырындай тырауы;
Қыл қаламның қыбырындай өзендер.
Таңғы Бүркіт талас басы – тоғыз түр,
Шарбы бұлттың көрпесінде бүлініп.
Бозінгеннің көмейінде қобыз тұр,
Ботасының өркешінде ілініп.
Боз шудалы сағыныштар – жыл үні,
Гомер басы тоз-тоз болған, желеді.
Аққулардың қанатынан жұлынып,
Шаң қыраулап, мұң қылаулап келеді.
…Күз!
 
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *