…Сені үнемі сұрастырып отырамын, құлыным….
Кіші апамның мейірімі
О, кішкентай ауылым,
Құшасың сен жел əуенін,
тау үнін.
Марқа қырдың сеңсеңіне
Оранып,
Еміп жатсың Мама бұлттың
сауынын.
О, шап-шағын мекенім,
Сезінбейсің өркениеттің
не екенін.
Бал ай үшін
Күреспеген, тіреспеген
Басқамен,
Сарайысың махаббат пен
некенің.
Қызығынан, қылығынан
текенің,
Білеуленіп тамыры өсті
шекенің.
Еске қарай ентелеген
ойлардың
Түсінбедім, өң менен
түс екенін.
О, ауылым!
Шапағаттым, сорлым-ау,
Өкінтпей ме миға құрған
тор мынау?!
Сенің құтты, сенің сүтті
жұртың да.
Отырғанның басы шірік,
Орны дау.
Қайран ауылым, тың жоқтауым,
тұл əнім.
Алдаспанның жүзінде бақ
сынадың.
Жерде отырып Көк Тəңірін
қия алмай,
Дүркін-дүркін сілкінеді
Қыраның.
Менен басқа бейкүнəнің
ауылы
Ести ме екен жел əуенін,
тау үнін.
Оның құрғақ, оның сұңғақ
ақымағын жібіт деп
Шақырамын Бессаланың
жауынын.
Ауылым!
Ауылым!
АуылымІ
1995. Тамыз
Қара өмірде қарындас көп,
Апа, мың
Бірақ, ару астында тұр
Тақаның.
Сені өртер ед бар жылуы
Жетпей жүр,
Көлеңкеден тігіп киген
шапаның…
Мекен етіп көк бөрінің
Апанын,
Шігесіне ас салып жеп
сақаның.
Үлесіңе тиген үзім
тандырмен
Атып жүрсің əлсіздердің
нақ ағын.
Қызықтырды қызыл ала
қына сан,
Тасқа келіп тағзым етіп
тұр Асан.
Көл айтады сол Асанды
көрсетіп,
-Көп жүрмейсің, көпшілікке
ұнасаң.
Көрің əзір, көлбеп жатыр
ұрасы əм.
Аттап өтсең осылардан
«жақсы ағаң»,
Ине шаншып ет береді
бір асам.
СҰРАҒАН РАХМЕТ