АТАВИЗМ

«Еркіндік дегеніміз заң бойынша ұйғарылған
нəрсені ғана айта білу»
                                                      Екетарина ІІ
Амур сарайының алтын есігі ақырын ашылып
іштен имек танау, салбөксе азамат шығып, аула
алдында қалғып тұрған шабарманның барбиған
саусағынан сипап бірер
бақыр ұсынды…
Кенет дуалдың түбінен белгісіз күйшінің зарлы үні
қобыздың қоңыр даусымен қосыла сыңси жөнелді…
…Құлағында
Жел ғана ойнар,
Шу асау.
Ноқтаға кеп бас иері
рас-ау!
Құдай берген ШАХАДАНЫ
Қайталап,
Хайыз күні харам болмай
Дұрысы.
«құлқыныңмен молырақ қып
бір аса…»
Нəжіс арам
Нəпсіге үздігу-
үзілмесін сəтір көрсе,
тізгінің!
Құраулап кеп,
Мияулап жеп көз жұмып,
Миын жала Мысыр кезген
жындының!!!-?…
Құзғыным!
Түндей тыныш дүниені,
бұзды кім?!
Тілдей қылыш турап-турап
тəніңді,
Тікен тірлік құшағында
мызғыдым.
Ы-ым…
Зəнталақ, зəмзəм емен
Тəттің, балың, тұздығың…
Маған десе манаураған
манапқа ашқан
қыздығың…
Қобыздың қоңыр үні толастар емес! Тəбетін нəпсіге
тəрік еткен есер ебедейсіз жұтынып тəнін сипайды…
Сұбханыңды, отпен осқан
қамшының,
Тілген жері, тізілген су,
Тамшы — МҰҢ.
Ақша, шарап,
Алтын, күміс, бал, шырын!
Апырай, ə?
жапырақтай абұйырыңа
«Жалшымын»…
Қыңсылауың, қып-қызыл от,
Ал, сұғың, өңменімді түйреп
өтті-ау,
ҚАНШЫҒЫМ.
Кешір Ханша, кеш «жеңгей»,
Көңіл – дөнен ала қашты,
Дес бермей,
«…Əз бабамның сары кітабын
қайтарсаң,
Сағдиға
Ару белін шешкендей.
Саз ерніңнен сүйер едім,
сескенбей!
 
..Мəуелі Еса, мəрт бұйдалы
Мəдінің, қидаласқан қырық
шілтен бəдігін,
Мəстек мінген қысық көздер,
бəрібір,
Қызыл күрең қанмен айтқан,
əділін!
 
 

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *