Тағы да алапат тағдырдың ұждансыздығы! Көмейге
тірелген көп ойлар көлкілдеген ісікке айналған. Көзі
қызарып көкірегі жасыған əлжуаз күйші əлі отыр?! Де-
мек, оның көз алдынан оқ-ғасырлар зулап өтуде…
Ұждансыздық!
Құтыламын кімге ерсем?
Жұмақтай, (сенесің бе?)
күн көрсем.
Тасбақаның жүрісімен
зымырап,
Тас дəуірін қайта көрем
Үлгерсем…
Ынжық кеуіл,
Лай «ауа», ыстық дем.
Сахар шөлін шарлап өтер
құс біткен
Пак Афридуй мен Фарабидың «айғырын»,
Арқыраған
азбан еттік піштік те!
«…Ай, Азия-ай!
От тамызып ОЛЖАСПЕН,
ҚАЗ-дың етін
АҚ-көз мəңкүр қақтап жұлар,
істікпен…»
Төсін ашып, бар əлемге
аңқылдап,
Ит жетектеп, бит терген жыл
Там-тұмдап.
Айша Бибі, ақ арулар.
марқұмдар,
Сопақ дəуір содыры мен
Заққақ ерді-ау артыңнан.
Сезім құрсын, тəнім міне…
Сыпырдым!
/көз алдымда, жын ойнағы,
шытырмық.
Тілді, соған түкірдім!/
Көр соқырлық…
Рəсуə етіп рəсімді.
РЕСЕЙ боп іріңдедім,
Құтырдым:
«ОТАН ҮШІН» оттау керек
УРА-лап…
…Дəруіш ойдың шырқау шегі! Дəл айтсам ХХІІІ
ғасырдың басы. Маң даланың төсінде маймыл-
дар көбейген. Олар асыранды ана қаздың аппақ
жұмыртқасымен атысуда…
Қызыл ғасыр, тоқ кекірем,
Аш келіп,
Сын тасыңа сидім тағы,
Мас келіп?!
/Құрдым аузы аш бөрі/
Əкесінің жылдығына,
шошқа сойып,-?
АС беріп…
Ыржияды бас тері!
Қа-аш бер-рі-і…
1989 жыл.
СҰРАҒАН РАХМЕТ