Əжем Əштəри Сəріпқызына

Көңілімді көл-көсір ғып,
жүр ағын,
Алға қарай баса алмаймын
бір адым.
Алмағайып азап шеккен
сəтімде
Əжемді ойлап таусылады
шыдамым.
Жүрегімді жұлқылайды
бұла ағын,
Орта жолда кесе басты
құнаным.
Ақтаратын жырым мұң боп
Төгіліп,
Қап-қара түн құшағында
тұнамын.
Жетер жері қу мекиен
Құладын,
Құладынның қанатынан
тұнады үн.
 
— Медет бер деп мендей
пақыр ұлыңа
Əжем жатқан қабірге кеп
жыладым.
-Келдің бе?-деп,
Салқын ұлым
сары ізді,
Аппақ əжем ойыма елес
тамызды.
Ұмытпас ұл бергеніне
Қуанып,
Құлпытасы жылап тұрған тəрізді.
Басып қойып сезім деген
Пернені,
Аяйтындай əжем жатқан
жер мені.
Сүт иісін қайталайды,
Құдірет,
Қоршай өскен жусаны мен
ермені.
Қайтам үйге əжем маған
ермейді…
Көкірегімді сағыныш-мұң
кернейді.
Көз алдымда көк аспанда
ілінген
Бір бозторғай тамшы-əуенін
тербейді.
Жыл соңынан жылдамдықпен
сырғиды Ай,
Тұл күндерім қоян бүрген
қырғидай.
 
Сол бозторғай əнін алып
Қонады,
Жүрегіме əжем айтқан-
«Бір бидай»
Кеудесінде кісінеген құлын-
жыр,
Келешегі боз тұмандай
бұлыңғыр.
Осылайша «қайран əже,
əже» деп:
Қайманалар арасында
ұлың жүр.
Санасында қауыз жарып
бидай-жыр,
Жаман ұлың терісіне
симай жүр.
Баз кешсе де біреулердің
сөзімен,
Мəз өмірін, аз өмірін
қимай жүр!
29.03.1995
* * *
Алыстар дəйім жақындап келді
біршама
Бақыттар бірақ баласын күткен
тұмса ана.
Толғағы жеткен құрсақтың
жарық аузында
Жақұттай жанып,
Жапырақтай нəзік тұр Сана!
 
Ақ қардың ерні жабысып
бір сəт шыршаға,
Ақпанның жанын ерітеді
екен бір Шама…
Көктемнің сынық көгілжім
Мөрі де көрікті.
Аппақ аяздың алақанында
тұрса да.
«Кек дəмі келер тамаққа
шыққан баспаңнан»,
«Қызылдың бəрі қыс қылауынан
жасқанған».
Жердегі тойдың жемісін терген
тентекке,
Ернін шығарды əлде бір күшті
аспаннан.
 
1995 жыл, 10-маусым

СҰРАҒАН РАХМЕТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *