ТЕМІРҚАЗЫҚ

Өле-өлгенше тигенше жерге басым,
Менің темірқазығым сен боласың.
Бағдарымның бір сәтке бұлжысаң-ақ,
Тайып мен де кетемін, таң қаласың…
Мен жердемін, әрине, көктесің сен,
Көкте туып, жұлдызсың көкке сіңген.
Мен жердемін ауытқып толқығанмен,
Жаңылмаймын сәулеңнен дөп түсірген.
Мен ауытқып толқысам – сәл адасау,
Сен ауытқып тумасаң – қара басу.
Жеті қат көк, жекен су, Жерде бірі,
Қандай ғажап, сенісу, араласу!
1981ж., 25 сәуір

Кеңшілік МЫРЗАБЕКОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *