Тағдырдың бұйыртпасы.
бермесіне,
қалқам-ай, ренжиін мен несіне!
Қөңілім жақсылыққа болып алау,
талай бір жолығар-ау теңдесіне!
Шырағым, шыға бере…
тектіңді елеп,
қайтадан қайырыла жеттің кенет.
«Жүр еді жүрегімді көктем етіп,
шынымен өкпелетіп кеттім бе?» – деп…
Ол үшін неге, жаным, өкпелейін,
өкпелеп,
сені қалай жек көрейін?!
Өзің де қайта айналып соқпады деп,
ағаңды айналайын, сөкпе кейін!..
Сәкен Иманасов