МӨЛДІРЛІК СЕЗЕМ (Бауыржан Жақыпқа)

Асыл арманның жарып бір шыққан өзегін,
Жырыңнан сенің жусанның иісін сеземін.
Даланы сезем қанатын құстың талдырған,
Сеземін тағы таулардың тентек өзенін.
Күн көзін сезем қабағын тұрған бір шытпай,
Мөлдірлік сезем шалғынға қонған мың шықтай.
Өмірді сезем, Əжемнің саусақтарымен
Зуылдап, зырлап айналып баратқан ұршықтай.
Жазира өлкемнің сеземін жасыл желегін,
Қайыңды сезем,
Қыздарды сезем көкөрім.
Сеземін тағы тұлпардың болат тұяғын,
Батырдың сезем майданда тұтқан беренін.
Сағым боп аққан жезбауыр солбір киікті,
Сеземін, аға, жырыңнан сенің сүйікті.
Шүңет ойлардан шүленін шашқан ақынды,
Жаратқан Тəңірім Хантəңір сынды биік қып.
Жанарын қадап арайлап əрбір таңға атқан,
Оятар дүниені бұлбұл – жыр сайрап əр бақтан.
Тұрады жырың уақыттың алтын қолында,
Тұрады жырың алаудай болып сен жаққан

Мұрат ШАЙМАРАН

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *