Әкенің досы

     Ақын Ұлықбек Есдәулетов пен Баянғали түйдей құрдас. Бұ-лардың әкелерi Оразбай мен Тақан да, қыздары Назым мен Ақ-кенже  де  құрдас. «Әкесi  құрдастың –баласықұрдас», соғыс ардагерi, филолог-мұғалiм Оразбай ақсақал1985 жылы Алматыға келгенiнде Баянғалиды жақсы көрiп, екеуi әбден сыйласып, дос болып  кетiптi. Кейiннен  Баянғали  Ұлықбекке: «Әй, мен  сенiң әкеңменішкенмін! Мен сенiң әкеңдеймiн!» –деп қалжыңдайтын көрiнедi. Оразбай ақсақал қайтыс болғаннан кейiн, Астанада тұра-тын Ұлықбектiң үйiне келiп құран оқып, көңiл айтып отырып, Баянғали: «Айналайын, Ұлқашым, атам  қазақтың «әкең  өлсе, өлсiн, әкеңдi көрген өлмесiн», –деген сөзi бар ғой, ендi Баянғали аман болсын деп тiлей бер!» –деген екен.

                                       Б.Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *